+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Қазақстанда мұқтаж отбасылардың коммуналдық шығыны тағы да өтеле ме

2020 жылғы 25 қараша 13:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мұқтаж отбасылардың коммуналдық шығыны тағы да өтеле ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда карантин кезіндегідей мұқтаж отбасылардың коммуналдық шығындары тағы да өтеле ме? Бұл сұраққа Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сұрақтың жауабы салалық мемлекеттік органдардың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, әкімдіктердің бірлескен шешіміне байланысты айқындалады», - деді комитет басшысы ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Спикер сонымен қатар осы жылдың көктемінде халықтың бір бөлігінің коммуналдық шығыны өтелгенін еске салды.

«Коммуналдық шығынын өтей алмаған әр адамның дербес шотына 15 мың теңгеден аударылды. Бәлкім бұл мәселе еліміздің басым өңірлерінде төтенше жағдай режимі мен карантин енгізілгенде өзекті бола түсуі мүмкін», - деді Асан Дарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT