Қазақстанда мұнай мен газды терең өңдейтін 5 зауыт салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай полиэтелентерефталат және метанол өндіретін зауыттар іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында Атырау, Орал және Шымкент қалаларында мұнай мен газды терең өңдейтін 5 зауытты іске қосу арқылы экспортқа бағытталған мұнай-газ химия өнімдерінің өндірісін 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге ұлғайту көзделге», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту жайында баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда 3 зауыт салынуда.

«Атап айтсам: Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт және қуаты 57 млн текше метр азот және 34 млн текше метр құрғақ сығылған ауа өндіретін зауыт, Шымкент мұнай-химия зауытының шикізаты негізінде қуаты жылына 81 мың тонна полипропилен және 57 мың тонна бензинге арналған октан арттырғыш қоспа шығаратын зауыт», - деді ол.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бұдан басқа, 2025 жылға қарай 2 әлеуетті жобаны іске асыру жоспарланған. Олар: қуаты жылына 430 мың тоннаны құрайтын полиэтелентерефталат өндіру зауыты мен жылдық қуаты 130 мың тонна болатын метанол өндіру зауыты.


Соңғы жаңалықтар