USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ

2021 жылғы 30 қараша 12:46
Бөлісіңіз:
Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Грузияда коронавирус таралуының жаңа рекорды тіркелді: бір күнде – 17 530 жағдай Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды» Еуроодақ екпе сертификаты бар тұрғындардың жүріп-тұру ережесін жеңілдетуді жоспарлап отыр

«Бүгінде Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ. Вирусты секвенациялау жалғасып жатыр. Біз бұл жұмысты ай сайын тұрақты жүргізіп келеміз. Бүгін Үкімет отырысында аталған штаммдарды секвенациялау жұмысын жалғастыру әрі жандандыру туралы қосымша шешім қабылданды. Таяу уақытта, шамамен желтоқсанның үшінші онкүндігінде бұл процедуралардың нәтижесін білетін боламыз. Әзірше тіркелген жағдайлардан омикрон штамының ПТР тестілеуге сезімтал екендігі, оны анықтауға болатындығы белгілі. Демек ПТР тестілеу барлық пациенттен штаммды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін вирус секвенациясына қосымша зерттеу жүргізу қажет. Бұл үлкен жұмысты қажет етеді. Шамамен 2-4 апта кетеді. Сондықтан бұл жұмысты бастадық. Желтоқсанның соңында Қазақстан аумағында айналымда жүрген штамм түрлеріне қатысты толық картина қолымызда болады», - деді ол Үкімет отырысынан кейін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT