10:03, 31 Қазан 2020 | GMT +6
Қазақстанда осы уақытта 3 795 адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы кезде 3 795 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 306 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, осы кезде стационарларда 2 337 науқас жатыр. 1 458 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 128 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.