Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 шілде күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

12-00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу кезінде өзін-өзі реттеу принциптерін енгізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков, ҚР «Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандары қауымдастығы» ЗТБ президенті Қазыбек Шайх. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы «Игі істер марафоны» жобасын іске асырудың аралық қорытындылары» тақырыбында онлайн-баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер - Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ренат Бекбергенов және Алматы қаласындағы «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдігі төрағасының орынбасары – Абдухалил Долкунтай.


Соңғы жаңалықтар