Қазақстанда пандемия кезінде қанша медицина қызметкері көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 18 медициналық қызметкер қайтыс болған. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ондай қайғылы оқиғаның 18 жағдайы тіркелді», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл жағдайлардың бәрі бірдей КВИ-мен байланысты емес.

«Алайда, олардың арасында COVID-19 ауруын жұқтырғандарға көмек көрсеткендер де бар», - деді Айжан Есмағамбетова.

Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 11,5 пайызы – медициналық қызметкерлер. Тағы 492 медқызметкер пневмониямен ауырған. 511 медициналық қызметкер емін жалғастыруда.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем қызметкерлері шақырту түскен жағдайда жағымсыз жағдайлармен жиі кездесіп жатқанын мәлім еткен еді. Жалпы министрлік олардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырып отыр.


Соңғы жаңалықтар