Қазақстанда Президенті жанынан жаңа агенттік құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы «көлеңкелі» экономика саласында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты істердің рекордты саны қозғалды. 73 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылып, қаржыны қолма қол ақшаға айналдыру көлемі азайды. Бұл қадамдар осы жұмыстың тек басы ғана», - деді Қ. Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Оңтайлы қарқынды сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеріп, барынша қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру керек. Бұл өз кезегінде шешімдердің дербестігін арттырып, мүдделер қақтығысын жояды», - деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қ. Тоқаев шекарадағы заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың бағдарламасын даярлауды тапсырды.



Соңғы жаңалықтар