Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мәселелері бойынша қор құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мәселелері бойынша мұрағат материалдарының арнаулы қоры құрылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық материалдар қуғын-сүргін түрлері және қуғын-сүргінге ұшырағандардың санаты бойынша жіктеледі. Шағын комиссиялардың жетекшілері Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің қызметкерлерімен бірге өңірлік комиссиялардың қзметіне бақылау жасау үшін аймақтарға көшпелі инспекциямен шығып тұрады», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Ол инспекция сонымен қатар өңірлік комиссиялардың қалыпты жұмысына қажетті әдістемелік және басқа да көмектерді көрсететіндігін баса айтты.

«Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық мұрағат пен Орталық мемлекеттік мұрағат базасында саяси қуғын-сүргін мәселелері жөніндегі мұрағат материалдарының арнаулы қорын құрды. Бүгінде аталған мұрағаттарда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты мыңнан астам мұрағаттық іс сақталып отыр. Бұл бізде енді ғана басталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана екені сөзсіз. Аталған қор комиссия қызметінің аясында құпия белгісі алынан құжаттармен толықтырылып отырады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар