Қазақстанда судьялар сот шешімінің орындалуын қадағалайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте қарастырылған судьяның міндеттерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл заңға сәйкес, ешқашан мемлекеттік орган талапкер рөлінде бола алмайды, тек қана жауапкер болып саналады. Екіншіден, көп жағдайда соттың шешімдері орындалмай жатады. Енді жаңа заңнамаға сәйкес судья шешім шығарып қана қоймай, оның орындалуын да қадағалай алады. Егер лауазымды тұлға сот шешімін орындамаса, 50-ден 100 АЕК-ке дейін қаржылай өндіріп алу шарасы қолданылады», - деді деді А. Садуақасов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда шығарылған шешім орындалмайынша судья ол адамды жауапкершіліктен босатпайды.
«Осы заң еліміздегі азаматтардың құқықтық қорғалуы деңгейін арттырады», - деді баспасөз хатшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді.
Бұл заң жеке адам мен заңды тұлғаның мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаларға қарсы өзінің құқығын дұрыс қолдануына зор мүмкіндіктер жасайды.
Еске сала кетейік, 2020 жылы 29 маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды.
- «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтері қосылу туралы шартқа қол қойды
- Азық-түліктің қымбаттауы: Бәсекелестікті қорғау агенттігі талдау нәтижесін ұсынды
- Қарағанды облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
- Астанада оңалту орталықтарының саны артады
-
Халықты жұмыспен қамту: 331 жоба жоспарланып отыр
-
Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам