Қазақстанда тарифтерді бекітуді реттейтін орган құрыла ма - вице-премьер жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтерін бекіту бойынша реттеуші қызметі жүктелетін бірыңғай орган құрудың уақыты келген жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2007 жылдың 30 қарашасында Үкіметтің №1153 қаулысымен тәуелсіз салалық реттеушілер құру тұжырымдамасы қабылданғаннан кейін тарифтік және техникалық реттеу қызметтерін біріктіретін тәуелсіз салалық реттеушілер құру жұмысы жүргізілді. Аталған жұмыс бәсекелестікті дамытуға, тариф қалыптастырудың теңгерімді жүйелерін құруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, негізгі қорларды жаңғыртуға бағытталған. Осылайша, бірыңғай тарифтік реттеушіні құру уақыты келген жоқ», - деді Роман Скляр.

Айта кетерлігі, Мәжіліс депутаттарының сауалында Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінің бірқатар қызметтерін біріктіретін бірыңғай орган құру, оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтерін бекіту бойынша реттеуші қызметін беру мәселесі көтерілген болатын. Сондай-ақ депутаттар жаңадан құрылатын органды Президент бақылауына беруді де ұсынған еді.


Соңғы жаңалықтар