Қазақстанда тауарлық газ өндіру 2,2 пайызға төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тауарлық газ өндіру 2,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газ өндіру 15 млрд 200 млн текше метрді құрап, 4,1 пайыз өсім көрсетті. Тауарлық газ 2,2 пайызға төмендеді. Себебі Қазақстанда өндірілетін газ ілеспе газ болып саналады. Ал қаңтарда СНПС-Ақтөбе мұнай-газ мекемесінде хлор-органикалық заттардың табылуына байланысты мұнай өндіру азайды және кейбір кен орындарында жерасты қабатының қысымын қажетті деңгейде ұстау үшін технологиялық қажеттілікке сәйкес газ айдаудың нәтижесінде тауарлық газ өндіру төмендеді. Сұйытылған газ өндіру 10,7 пайызға артты. Бұл газға шекті баға белгіленді. Нәтижесінде баға республика бойынша біршама арзандады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар министрдің дерегінше, қаңтар-наурызда электр энергиясын өндіру 5 пайызға артты. Ал уран өндіру 4,6 пайызға төмендеу байқалады.


Соңғы жаңалықтар