+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Қазақстанда тұратын 70 мыңға жуық күрдтер қазақ халқына риза - Князь Мирзоев

2021 жылғы 22 ақпан 11:22
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тұратын 70 мыңға жуық күрдтер қазақ халқына риза - Князь Мирзоев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні аталып өтеді. «Барбанг» күрдтер қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев бұл күнінің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Князь Мирзоев Қазақстанда тұратын 70 мыңға жуық күрдтер ел тұрғындарына қонақжайлылығы мен қолдауы үшін ризашылықтарын білдіретінің атап өтті.

«Бізге барлық жағдай жасалды. Біздің құқығымыз конституциямен қорғалған. Күрдтер 1937-1944 жылдары Қазақстанға жер аударды. Қазақ халқы бізді жылы қабылдады, баспана берді, моральдық материалдық көмек көрсетті», - дейді спикер.

Спикер көктемнің алғашқы күні «рақмет» сөзімен басталатының және олар үшін ерекше мереке екенін жеткізді.

«1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, Алғыс айту күні, бұған қоса, көктемнің бірінші күні атап өтіледі. Бұл күні үйде дастархан жайып, қонақ шақырып мерекені тойлаймыз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол ұлы далаға қоныс аударған өзге этнос өкілдері қазақ халқына риза екенін тілге тиек етті.

«Біздің балаларымыз Қазақстанда білім алып жатыр. Этнос өкілдері республиканың әр саласында жұмыс істейд: дәрігерлер, заңгерлер, кәсіпкерлер және тағы да басқа «, - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы - барлық этностар өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіретін бірегей институт.

«Мен күрд этномәдени орталығының жетекшісі, профессор, академик ретінде өз халқымның және отбасымның атынан Елбасыға және Қазақстан халқына алғыс білдіргім келеді», - деді ол.

Сондай-ақ,ол қазақ тілі күрдтер үшін өте маңызды тіл екенін баса айтты.

«Күрдтердің шамамен 75% -ы қазақ тілін жақсы меңгерген.Биыл біз күрд балаларына латын әліпбиіне көшу үшін латын әліпбиін шығардық. Біздің балалар қазақ тілін балабақшадан бастап оқиды. Қазақ тілін білу - бұл ең алдымен өзін және Қазақстан халқын құрметтеу. Біз өзіміз тұратын мемлекеттің тарихын, мәдениетін және тілін білуіміз керек. Қазақ тілін білу өте маңызды», - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 2015 жылдың сәуір айында ҚХА 22-ші сессиясы мен ҚХА 20 жылдығын мерекелеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қазақстанда Алғыс күнін атап өтуді ұсынды. Бұл күн - барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын белгісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT