Қазақстанда тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқармақ. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды.

«Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, аң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген.

Оның міндеттері құрылыс саласы субъектілерін ынталандыруды қамтамасыз ету, ипотекалық кредиттеуді одан әрі дамыту, тұрғын үй құрылысы операторының қызметін оңтайландыру, жұмыс істеп тұрған операторлардың әкімшілік шығыстарын азайтудың есебінен бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

Құжатпен бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру; көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды кепілдендіру; инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметі реттеледі.

Заңның қабылдануы еліміздің халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы мен ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.


Соңғы жаңалықтар