Қазақстанда ұялы байланыс операторларының табысы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Операторлар бір жылда ұялы байланыс қызметінен түскен табыс 6 млрд теңгеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сілтеме жасап.

«2019 жылғы желтоқсанның соңында Қазақстанда ұялы байланыстың 25,7 млн абоненті тіркеуде болды. Бұл осының алдындағы бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,1 пайызға аз (26 млн). Сонымен бірге, интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттері саны бір жылда 3,9 пайызға артып, 15 млн болды (бір жыл бұрын 14,4 млн абонент)», - делінген хабарламада.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда байланыс қызметінен компаниялар табысы 9,8 пайызға артып, 800,1 млрд теңгені құрады. 2018 жылдағы сәйкес кезеңде табыс сомасы 728,7 млрд теңге болған еді.

Байланыс нарығының жалпы көлемінде ең жоғары үлесті интернет қызметі кірістері құрап отыр, яғни 35,6 пайызға немесе 258,1 млрд теңгеге жетті. Бұл қаржы сомасы 2018 жылмен салыстырғанда 16,6 пайыз деңгейінде өсті.

Осы тұрғыда интернет қызметтеріне сұраныстың артуы негізгі себеп болды. Сондай-ақ, сектордағы тарифтің өсімі өзіндік үлесін қосты. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда интернет байланыс құны 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 3,3 пайызға артты.

Мұнымен қоса, нарықтың 27,7 пайызы ұялы байланыс қызметінен табысты қамтып отыр. Былтырғы 12 айда оның сомасы 221,6 млрд теңгеге жетіп, 2018 жылғы кезеңмен (215,5 млрд теңге) салыстырғанда 2,8 пайызға өсті.


Соңғы жаңалықтар