+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Қазақстанда жаңа экологиялық партия құрылады

2019 жылғы 9 қазан 17:28
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жаңа экологиялық партия құрылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Табиғат» жаңа экологиялық партиясы құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ауа сапасы нашарлайды Қарағанды облысында екі браконьер ұсталды Ақтөбеде партия қызметкерлері жалған мәлімет берген

Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихаты барысында белгілі эколог Мэлс Елеусізов айтты.

М.Елеусізов басқаратын «Табиғат» экологиялық одағының құрылғанына биыл 30 жыл болған.

«Мемлекет пен партия үшін басты құндылық – адам. Адам тек жайлы ортада ғана өзін бақытты, күшті, бақуатты сезінеді. Су, экологиялық таза тағам, әлеуметтік климат – барлығы қоршаған орта. Біздің партиямыздың басқаларынан айырмашылығы неде? Біздің мүддеміз ең басты құндылық - адаммен байланысты. Біздің мақсатымыз - адамға жайлы орта қалыптастыру. Парламентте қоршаған ортаның тазалығын қорғайтын бір де бір құрылым жоқ. Адамның бір күндік қажеттілігін ойламай, оның болашағын, келешегін ойлаған мемлекетке де пайдалы болмақ», - деді Мэлс Елеусізов.

«Табиғат» экологиялық одағының басшысы сыбайлас жемқорлық пен браконьерлікпен күрес – экологиялық одақтар мен бірлестіктердің бірінші кезектегі міндеті болатынын айтты.

«Адамдар баю мақсатында қоршаған ортаға нұқсан келтірсе оған қарсы күресті қатайтқан абзал», - деді Мэлс Елеусізов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экология, Партиялар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT