Қазақстанда жаңа кәсіптер атласы әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңа кәсіптер атласы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік банк жобасы аясында жаңа кәсіптер атласын жасап жатырмыз. 4 жылдан бері осы жоба аясында бірлесіп жұмыс істеудеміз. Ал өткен жылдан бері жаңа кәсіптер атласымен айналысу үстіндеміз. Оны тау-кен металлургия, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік пен логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм және құрылыс сынды 9 салада әзірлейміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ол бұл жұмыстар қазіргі уақытта қандай сатыға жеткендігін айтып берді.

«Бүгінгі күні тау-кен металлургия саласы бойынша кәсіптер атласын әзірлеуді аяқтадық. 9 жойылып бара жатқан, 10 өзгеріске ұшырайтын және 22 жаңа кәсіпті айқындап алдық», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар