Қазақстанда жаңа жәрдемақыны 382 мың отбасы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың екі айында 382 мың отбасы жаңа жәрдемақы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көпбалалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілді. Аталған мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде беріледі: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге. 2020 жылдың 2 айында 382 мың отбасы жәрдемақы алып, 36 млрд теңге төленді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдерді төлеуге 693 млрд теңге қарастырылған.



Соңғы жаңалықтар