Қазақстанда жасанды дизель тапшылығы мәселесі тексерілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде дизель тапшылығын қолдан жасау мүмкіндігі тексерілмек. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолда бар дизель қорына жедел мониторинг жүргізу үшін біз еліміздің барлық мұнай базаларын автоматты түрде өлшеу құралымен жабдықтау мәселесін көтердік. Бұл еліміздегі жанар-жағармай қоры деңгейін анықтау мен қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қаржы министрлігі, Қаржылық мониторинг және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерімен бірлесіп ірі мұнай базаларында дизель отынына деген тапшылықты қолдан жасау және шектеу мәселесін тексеру жағы пысықталып жатыр», - деді Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ел көлемінде осы айда 300 мың тоннадан астам дизель өндіріледі.

«Министрлік тарапынан қабылданған шараларды ескере отырып, қазан айында 330 мың тонна көлемінде дизель отынын өндіру жоспарланып отыр. Қазанның 1 онкүндігінде 130 мың тонна дизель өндірілді. Одан бөлек 80-100 мың тонна көлеміндегі дизельді сырттан әкелу міндеті тұр. Сол арқылы ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етпекпіз», - дейді ол.

Бұған дейін Әсет Мағауов елдегі дизель тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

Одан бөлек, министр орынбасары ішкі нарықты бензинмен қамтуға қатысты түсініктеме беріп өтті.



Соңғы жаңалықтар