+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қазақстанда жасөспірімдер арасында қылмыс азайып келеді

2021 жылғы 20 қыркүйек 11:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жасөспірімдер арасында қылмыс азайып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жасөспірімдер жасайтын қылмыс саны соңғы 10 жылда 2 есе қысқарды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелден әкелінген көлікті неге сенімхатпен сатып алуға болмайды Ресейде тіркеуде болмаған көліктер жалған құжаттармен бізге келіп жатыр - ІІМ Қазақстанда интернет арқылы есірткі таратушыларға қандай жаза қарастырылған

«Балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және сақтау – бұл мемлекет пен қоғам алдыенда тұрған маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, олардың қауіпсіздігін қамтамасы ету және қолайсыз отбасылармен күрес өзекті проблема болып отыр», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде соңғы 10 жылдың ішінде кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың саны 2 еседен астамға қысқарды.

«Осы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны 30,6 пайызға төмендеді. Қылмыстың жалпы төмендегеніне қарамастан жасөспірімдер жасайтын ауыр қылмыс фактілері де бар. Жасөспірімдер қылмысына нақты әрекет ету, балалардың құқығын қорғау үшін жағдай жасау мақсатында полиция тұрақты түрде арнаулы жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп келеді», - деді Нұрділдә Ораз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT