+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда жергілікті жолдардың сапасы бойынша қай өңір алда тұр

2020 жылғы 14 қаңтар 13:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жергілікті жолдардың сапасы бойынша қай өңір алда тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың қорытындыларына сәйкес, жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71 пайызға жетті. Өткен жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 пайызды құраған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл жөндеуден өткен 2,6 мың шақырым жол пайдалануға беріледі 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанса салынады Шардарада «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар жөнделуде

«2019 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 200 млрд теңгеден астам бөлінді. Аталған қаражат есебінен былтыр республиканың бар аумағында 386 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 37 жоба – жол құрылысымен, 34 жоба – жолдардың реконструкциясымен, 60 жоба – жолдарды күрделі, 255 жоба – орташа жөндеуден өткізумен байланысты. Тұтастай алғанда, жөндеу жұмыстарымен қамтылған жолдардың жалпы ұзындығы 4 617 шақырымды құрады. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 71 пайызға жетті», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

2019 жылы жүзеге асырылған жобалардың саны бойынша көшті Маңғыстау облысы бастап тұр. Мұнда жолдарды реконструкциялауға бағытталған 5 жоба, жолдарды салуға бағытталған 2 жоба жүзеге асырылды. Облыс жақсы жағдайдағы жергілікті жолдардың сапасына қатысты рейтингте де бірінші орында. Өңірде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 92 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT