Қазақстанда жол салу саласында 4 мыңдай маман жетіспейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жол саласындағы мамандар тапшылығы бар. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде жол саласында жұмыс істейтін 4 мыңдай маман жетіспейді. Атап айтқанда, экскаватор, бульдозер, каток көлігінің операторлары мен қоса грейдер және тасжол төсеу мамандары тапшы. Бүгінде осы мәселені шешу үшін шетелдік мамандардың көмегімен өз мамандарымызды әзірлеп жатырмыз. Одан бөлек, облыс әкімдіктерімен келісімге келіп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы бізде тапшы мамандарды әзірлеу және оны қажет мамандықтар қатарына қосу жұмыстарымен айналысып жатырмыз», - деді Ұ. Әліпов.

Сондай-ақ, компания басшысы карантин жағдайында жол жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді.

«Елімізде наурыз айында карантин жағдайы енгізілді, ал сәуірде бізде жол салу және жөндеу жұмыстары басталды. Бастапқы уақытта қиындықтар туындады. Бір жағынан барлық жерде блок-пост қойылған және санитарлық талапты бұзуға болмайды, екінші жағынан жұмыс жоспарға сай жүруі тиіс. Осы тұрғыда біз Үкіметке жағдайды түсіндіре отырып, рұқсат алып және тиісті санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істедік. Әсіресе маска тағу, оқшалану, арақашықтықты сақтау жұмыс барысында уақытша кедергілер келтіргені рас. Дегенмен белгіленген карантиндік талаптарды сақтай отырып, жұмысты бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеміз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар