Қазақстандағы АҚШ елшісі вакцинадан кейінгі жай-күйін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшісі Уильям Мозер қазақстандықтанды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен қасиетті Рамазан айында жылы тілектерімді білдіргім келеді. Ораза қабыл болсын! Бірге жиналып, көптеген ризықтарға шүкіршілік етудің және арамыздан кеткен адамдарды еске алудың маңыздылығы биыл ерекше сезіледі. Алдағы Рамазан айларында әлеуметтік қашықты сақтап, маска тағу қажеттігі болмасын деп шын жүректен тілеймін. Бұл тақырыпта мен оптимистік көзқарастамын, біз пандемияны жеңуге жақындап қалдық. Вакциналар бүкіл әлемде, соның ішінде АҚШ елшіліктерінде де салынып жатыр. Мен өзім алғашқы дозаны өткен аптада алдым және мүмкіндігінше барлық қазақстандықтарды вакцина алуға шақырамын», - деді У. Мозер АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде.

Елші америкалық Moderna вакцинасын алған және екпеден кейінгі жай-күйін айтып берді.

«Мен Moderna вакцинасын алдым және екпеден кейін сол қолымның ауырсынғанын байқадым. Бірақ, мен екпені оң қолыма алған едім, бұл шындық. Келесі күні шаншу болғанын сездім, басқа ешқандай әсері байқалмады. Балаларым да Moderna және Pfizer вакциналарын алды, олар екінші екпеден кейін жанама әсер көбірек болатынын айтуда. Бірақ, қорқатын жайт емес, аз ғана уақытқа әлсіздік сезілуі мүмкін», - деп жауап берді елші журналистер сұрағына.

Сонымен бірге, У. Мозер АҚШ-тағы вакциналау жұмыстары жөнінде баяндады.

«Дүйсенбі күні АҚШ үшін өте маңызды күн болды. Өйткені, біздің президент Байден мырза 19 сәуірден бастап, 16 жасқа толған әрбір ересек азаматтың вакцина алатынын мәлімдеді. Елде вакцина көлемі жеткілікті және шамамен жаздың соңына дейін ұжымдық иммунитетке қол жеткізетін шығармыз. Қазақстанда да тезірек ұжымдық иммунитет болуын тілейміз. Егер сізде вакцина алатын мүмкіндігіңіз болса, өтінемін, алыңыз. Өйткені бұл еліңіз үшін, өзіңіз үшін және бүкіл әлемнің саулығы үшін өте маңызды», - деп қорытындылады АҚШ елшісі.


Соңғы жаңалықтар