Қазақстандағы апта ішіндегі тағайындаулар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Мәселен, Ақмола облысында үш аудан әкімі тағайындалса, Павлодар облысы әкімдігінде қайтадан құрылған басқармалардың басшылары белгілі болды. ҚазАқпарат осы және өзге де тағайындауларды оқырман назарына ұсынады.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Тимур Жақсылықов Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Тимур Жақсылықов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандағы бойынша, Саяси зерттеулер институтын саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару магистрі, Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2 разрядты жұмысшысы болып бастаған.

1993-1997 жылдары — Қазақстан агротехнология университетінің атқарушы ректоры.

1997-1998 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы. 1998-2003 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры.

2004-2005 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Женева қаласындағы тұрақты өкілдігінде бөлім басшысы – ДСҰ мәселелері жөніндегі министрлік өкілдері тобының жетекшісі.

2005 жылғы шілде-қараша аралығында — ҚР Сыртқы істер министрлігінің Швейцария Конфедерациясындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы.

2005 жылғы қараша – 2006 жылғы ақпан аралығында «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2006 жылғы ақпан-қазан — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директорының м. а., 2006 жылғы қазан – 2007 жылғы қыркүйек аралығында «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры қызметін атқарды.

2007 жылғы қыркүйек – 2008 жылғы сәуір аралығында — Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.

2008-2009 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2009-2010 жылдары — ҚР индустрия және сауда вице-министрі.

2010 жылғы сәуір-тамыз аралығында — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің комитет төрағасы.

2010-2012 жылдары — «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы.

2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2013-2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014-2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

2017-2018 жылдары — Экономика және қаржы саясаты министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия, Мәскеу қаласы.

2018 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін — ҚР Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазірге дейін Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі лауазымын атқарды.

Бақтияр Қожахметов Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Бақтияр Дүйсенбайұлы 1985 жылы туған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

2009 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, біліктілігі «Ақпараттық жүйелер магистрі»; 2011 жылы – Карлов университеті, Прага қаласы, біліктілігі «Демография және демографиялық зерттеулер магистрі»; 2017 жылы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, біліктілігі «Құқық бакалавры».

Еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған.

2005 жылдан 2012 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ында түрлі қызметтер атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды.

2015 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2015-2019 жылдары квазимемлекеттік компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы сәуірден желтоқсан аралығында «Зерде» ҰАХ АҚ Басқарма мүшесі-төрағаның орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Ермек Алпысов Қарағанды облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Оның екі жоғары білімі бар - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Мамандығы бойынша география және биология пәндерінің оқытушысы, экономист. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2004-2008 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болды.

2008-2012 жылдары - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

2012-2015 жылдары Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарған еді.

Павлодар облысы әкімдігінде қайта құрылған басқармаларға басшылар тағайындалды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына - Айбек Тұрсынғалиев, дін істері басқармасына - Дәулет Зәкариянов, цифрлық технологиялар басқармасына Бектас Дәутеков келді.

Дәулет Зәкариянов 1959 жылы туған.

1993 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Одан соң Павлодар әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі болып жұмысқа қабылданды.

1998-2001 жылдары Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім бастығы болды.

2001 жылдан 2003 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің аппаратында, облыстық мәдениет және ішкі саясат департаменттерінде лауазымдарды атқарды.

2003 жылы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалып, 7 жыл еңбек етті. 2010-2011 жылдары өңірлік дін істері департаментін басқарды, ал 2012-2015 жылдары Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болды.

2015 жылдан 2019 жылға дейін дін істері жөніндегі өңірлік ведомствоны қайтадан басқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Айбек Тұрсынғалиев 1988 жылы туған.

2008 жылы Шығыс Қазақстан бизнес және құқық колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2015 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2010 жылы елордада «Kulager» құрылыс корпорациясы» ЖШС-да бастады, 2011 жылдан 2014 жылға дейін «Petroleum consultants» ЖШС және «Нұр-Суат» ЖШС-да жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ арнайы экономикалық аймақтарды қаржылық және техникалық талдау департаментінде менеджер болды.

2017-2018 жылдары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары болды.

2018 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарды.

2019 жылы Екібастұз әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2019 жылғы қазанда «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға ауысып, онда өңірлермен өзара іс-қимыл департаментінің директоры және басқарушы директор болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қазанда Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасын басқарды.

Бектас Дәутеков 1988 жылы туған.

2010 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша, ал 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің магистратурасын «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығының аға кеңесшісі болып бастаған.

2012 жылдан 2017 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-да, оның ішінде Павлодар бөлімшесінде жұмыс істеді.

2018 жылы Павлодар облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы болып тағайындалды және осы лауазымда жаңа басқарманың басшысы болып тағайындалғанға дейін жұмыс істеді.

Дулат Имашев БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Дулат Бауыржанұлы 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары БҚО қаржы басқармасы әзірлеу, талдау және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау жинақтаушы бөлімінің жетекші, бас экономисі, БҚО ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімінің басшысы, осы басқарма басшысының орынбасары болды.

Сондай-ақ БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

2018 жылдан бері Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы қызметін атқарды.

Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Ерболат Умаров тағайындалды.

Ерболат Болатжанұлының жасы – 39-да.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлегі.

Екі шет тілін меңгерген халықаралық құқық маманы.

Еңбек жолын 2001 жылы заңгер ретінде бастаған. 2005 жылдан бастап сот органдарында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.

2009-2013 жылдары Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2013-2015 жылдары Мақат ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы болған.

Ақмола облысында үш ауданға жаңа әкім тағайындалды. Сандықтау ауданына - Ербол Жүсіпбеков, Жарқайың ауданына - Жанболат Хамитов және Аршалы ауданына Айдар Байманов әкім болып барды.

Ербол Жүсіпбеков 1965 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданы Краснояр ауылында туған.

1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, «Чистопольский» кеңшарында зоотехник-селекционер болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Садовый ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, кейін аудан әкімі болды.

Жанболат Хамитов 1962 жылы Торғай облысында туған.

жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылдың маусымында бұрынғы Торғай облысының Қима совхозында инженер-технолог болып бастаған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы лауазымында болды.

Айдар Байманов 1968 жылы туған. 1994 жылы Мәскеу технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола облысы әкімшілігінің жетекші маманы болып бастаған.

1994 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің түрлі басшылық лауазымдарын атқарды.

2010-2012 жылдары – «Есіл ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2014 жылы-Астана қаласы, Қаржы министрлігі Салық комитетінің есеп, талдау және мониторинг басқармасының басшысы.

2014 жылдан 2019 жылға дейін жеке секторда басшылық лауазымдарды атқарды. 2019 жылдан бастап Есіл ауданы әкімінің орынбасары болды.

Болат Сәрсенбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Болат Сәрсенбаев 1957 жылы 17 шілдеде туған. Алматы шетел тілдері педагогика институтын бітірген.

Лондон университетінің тыңдаушысы. Еңбек жолын 1978 жылы бастаған.

Әртүрлі жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасында, Қазақстан ЛКЖО Алматы облыстық комитетінде хатшы және нұсқаушы болып жұмыс атқарды.

1991 жылдан 1993 жыл аралығында ҚазКСР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бас заң кеңесшісі және Алматы қ. Мәскеу аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

«Даңқ» корпорациясының вице-президенті және Қазақстандағы «McKenna&Co International» британдық заң фирмасы өкілдігінің басшысы қызметінде жұмыс істеді.

1997 жылдан ҚР Сыртқы істер министрлігі бағыты бойынша еңбек қызметін жалғастырды: ҚР Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісі болды.

2001 жылдан 2007 жылға дейін ҚР СІМ халықаралық заң департаменті директорының орынбасары, Гонконг қаласында (ҚХР) ҚР Бас консулдығының бас консулы және Грек Республикасында ҚР дипломатиялық миссиясының уақытша расталған өкілі қызметінде жұмыс атқарды.

2007-2008 жж. – ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2008-2012 жж. – ҚР Ирак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2012-2014 жж. – ҚР Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2014-2015 жж. – ҚР Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2015-2019 жж. – ҚР Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

2019-2020 жж. – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. «Құрмет» орденімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар