+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі  98,2% артты

2021 жылғы 6 сәуір 18:12
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі  98,2% артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 143 мың трактордан және 37,6 мың комбайннан тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан экономикасы өсу жолына түсті – Асқар Мамин Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсетті Әсет Ерғалиев өңдеу өнеркәсібінде өсім бар өңірлерді атады

2019 жылы шамамен 3,4 мың трактор және 1,2 мың комбайн сатып алынды. Былтыр шамамен 4,8 мың трактор және 1,2 мың комбайн алынды.

Жалпы, отандық зауыттар 93 млрд. теңгеге 6272 ауыл шаруашылығы техникасын өндірді. Жылдық өсімі 98,2% құрап, құны жағынан шығарылым көлемі 2,5 есеге артты.

Қазақстанда Ақмола облысындағы «Агромаш Холдинг KZ» және «Қостанай трактор зауыты» (Lovol және Кировец), «КАИК» зауыты («Беларус» және RSM маркалары) және ШҚО-дағы «СемАЗ» («Беларусь» маркасы) зауыттары трактор шығарады.

Комбайндарды «АгромашХолдинг KZ» (ESSIL маркасы), «КАИК» (Acros) және KazRost Engineering Ltd (Vector, Acros) кәсіпорындары жинайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT