Қазақстандағы екі ұялы байланыс компаниясы бағаны негізсіз өсірді деп тергеліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 17 маусымда Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департаменті «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кселл» АҚ-ға қатысты: Азаматтардың ұялы байланыс операторларының баға өсіміне жиі жүгінуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерінің тарифтерін талдады. Құрамына «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС кіретін «Қазақтелеком»АҚ тобының (35% астам) үстем жағдайы анықталды.

«Кселл» АҚ талдау кезеңінде ұялы байланыс (орта есеппен 756 теңге) және мобильді интернет (орта есеппен 1765 теңге) қызметтеріне ең жоғары баға белгіледі.

Мысалы, бірқатар операторларда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтеріне - орта есеппен 1022 теңгені құрады.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің анықталуына байланысты, ұялы байланыс және интернет қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу белгілері бойынша «Кселл» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру басталды.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты: 2020-2021 жылдары SMS-тарату қызметтері нарығындағы баға мониторингінің қорытындысы бойынша Агенттік басқа байланыс операторларымен салыстырғанда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ның баға өсіргенін анықтады.

Байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03%-ға арттырған.

Бұл ретте, ең жоғары орташа баға «Қазақтелеком» АҚ тобына кіретін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-да және «КаР-Тел» ЖШС-мен салыстырғанда «Кселл» АҚ операторларында тіркелді.

Бағаның ең жоғары өсім қарқыны «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ-да тіркелді.

SMS-тарату қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қатысты тергеп-тексеру басталды.


Сурет: smi24.kz
Соңғы жаңалықтар