Қазақстандағы кейбір жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысына тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кейбір жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ауа райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында енгізілді:

Ақтөбе облысында:

1. «Қандыағаш -Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 92-257 шақырымында, атап айтқанда, Эмба мен Шалқар қалаларының аралығындағы учаске.

Алматы облысында:

1. «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаске (аталған учаске реконструкцияланып жатыр, АБК «Автодор НС»).

Шығыс Қазақстан облысында:

1. «Өскемен -Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 105-123 шақырымында, атап айтқанда, Шемонаиха қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.

01.03.2021 ж.

2. «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман көздері» автожолының 7-166 шақырымында, атап айтқанда, Ушановск ауылы мен Алтай қаласы аралығындағы учаске.

3. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» автожолының 36-102 шақырымында, атап айтқанда, Предгорное ауылы мен Шемонаиха қаласының аралығындағы учаске.

4. «Өскемен-Риддер-РФ шек.» автожолының 15-105 шақырымында, атап айтқанда, Белоусовка ауылы мен Риддер қаласының аралығындағы учаске.

5. «Алматы-Өскемен» автожолының 971-1068 шақырымында, атап айтқанда, Қалбатау ауылы мен Қасым Қайсенов елдімекеніне бұрылыс аралығындағы учаске.


Соңғы жаңалықтар