Қазақстандағы су ресурстарының жүйесіне аудит жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Үкімет су ресурстарының толық аудитін жүргізу тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сумен қаматамасыз ету мен су тарту мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз су ресурстарына, су шаруашылығы құрылыстарын толық көлемде паспорттауды ешқашан жүргізбеппіз. Үкіметте осындай нысандардың нақты саны мен жағдайы бойынша мәлімет жоқ. Жекеменшік су шаруашылығы нысандарын есепке алу тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін су ресурстарының және сумен қамтамасыз етудегі барлық инфрақұрылымының ирригация жүйесіне толық аудит жүргізуді тапсырамын», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өз кезегінде саладағы жағдайды толық бағалауға жол ашады.

«Оның негізінде Үкімет пен әкімдіктерге аталған нысандарды жөндеу мен жаңғырту, оның ішінде айналымға жаңа суармалы егістіктерді енгізу бойынша нақты шараларды әзірлеу міндеті тұр», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар