Қазақстандағы теміржол қозғалысы: Халықаралық тасымал қашан іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұрлы жол вокзалынан карантин режімі енгізілгеннен кейін уақытша тоқтап тұрған алғашқы қалааралық пойыздар қатынай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін жолаушылар пойызы жұмысын бастады, осы арқылы біз вокзал мен пойыздарымыздың, сонымен қатар пойыз бригадасының жұмысқа дайын екенін көрсеткіміз келді», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Йорг Бесвер.



Оның айтуынша пойыздар кезең бойынша іске қосылады.

«Бірінші кезеңде біз 1 маусымнан бастап 54 жұп пойызды іске қосамыз. 10 маусымнан екінші кезең басталады, яғни тағы 39 жұп пойыз қосылады. Содан кейін ғана пандемия жағдайын ескере отырып, халықаралық 15 жұп пойызды іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті спикер.


Оның айтуынша, сұраныс жоғары болғандықтан 500 вагон қосуға тура келген.

«Алғашқы аптада билетке сұраныс өте жоғары болды. Біз әуелі сатылымға тек ең минималды кестені шығардық, содан кейін сатылуына қарай вагондарды қосып отырдық. Қазір меніңше, 15 мамырда билеттердің сатылымы басталғалы шамамен қосымша 560 вагон қосқан секілдіміз», - деп қорытындылады Й.Бесвер.


Соңғы жаңалықтар