Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда жасалатын «Kainar», «Bars», «Nomad» және «Вожак» деген атаулармен белгілі отандық аккумуляторлар ТМД елдеріне, Германияға, Польшаға, Қытайға және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарылады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Кәсіпорын жұмыс істей бастағалы толықтай технологиялық циклды жолға қойды. Яғни, қазір ешқандай құрастырушы бұйымдарға мұқтаж емес. Ұсақ бөлшектерді құюдан бастап дайын аккумуляторларды бітеуге дейінгі барлық қажетті бұйымдар мен жұмыстар кәсіпорын цехында жасалады.
2020 жылдың қараша айында «Қайнар–АКБ» зауытында аккумулятор батареялары өндірісінің жаңа желісін іске қосу салтанатты шарасы болып өтті. Аталған жоба «Қайнар–АКБ» мен Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы (IGTIC) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылды. Жаңа желіні іске қосудың арқасында зауыттың өндірістік қуаты жылына 3,7 млн аккумулятор шығаруға дейін артады.
Қазіргі уақытта зауытта жылына 2,5 млн. данаға дейін аккумулятор батареясы өндіріледі.
- Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспарына түзету енгізілді
- Президент инвестицияның құқықтық қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды
- Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
- Қазақстанда биыл 12 мың жұмыс орны ашылады
-
Қазақстанның әуе компаниялары 2020 жылы 5,5 млн жолаушы тасымалдады - министрлік
-
Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алуға шектеулер енгізілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам