Қазақстандық Артем Резников танымал шешен спортшысын жеңді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде аралас жекпе-жектен АСА 111 турнирі өтіп жатыр. Жекпе-жектің негізгі оқиғаларының бірі ретінде қазақстандық Артем Резников (21-6) пен ресейлік Юсуф Раисов (16-1) бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Резников жеңіске жетті.

Осылайша, Артем кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісін тойласа, Юсуф Раисов үшін бұл екінші жеңілісі болды.

Айта кетсек, Раисов жартылай жеңіл салмақтағы АСВ чемпионы болатын. Резников осымен сегізінші рет қатарынан жеңіске жетті. Қазақстандық соңғы рет 2017 жылдың мамырында жеңілген болатын. Ресейлікке келер болсақ, бұл жекпе-жекке дейін ол 2016 жылдың желтоқсанынан бері ешкімнен жеңілмеген еді.


Соңғы жаңалықтар