Қазақстандық әскерилер Мәскеудегі шеруге қатыса ма – министрлік жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуде Қызыл алаңдағы шеруге қатыса ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоқ. Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңдағы шеруге қатысуы о баста жоспарланбаған. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту кезінде біздің әскери қызметшілер барған еді», - деп жауап берді ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович онлайн-брифинг барысында.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Мәскеуде Жеңіс шеруіне дайындық болатынын, жалпы дайындық 7 мамырға жоспарланғанын жазған еді.

Спикер қазақстандық әскери қызметшілердің ардагерлерді қалай құттықтайтынын айтты.

«Өткен жылғы секілді бізде құттықтаудың жақсы тәжірибесі бар. Әртістер мен шығармашылық ұжымдар ардагерлер тұратын жерге барады және ардагерлерге арналған соғыс жылдарындағы әндер орындалады. Мұны тек ардагерлер ғана емес, бүкіл аудан, шағынаудан тұрғындары да тамашалап, бірге құттықтайды. Одан бөлек, жыл сайын әдеттегідей «Жас сарбаз» қозғалысы да тартылады. Біздің жас патриоттар да бірқатар шара өткізеді. Кейбір өңірлерде әскери оркестрлер әскери бөлімдер орналасқан елді мекендердің көшелерімен өтіп, соғыс жылдарындағы әндерді орындайды», - дейді В. Адамович.


Соңғы жаңалықтар