Қазақстандық әскерилер Tetris challenge флешмобына қосылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында ҚР Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері «Tetris Challenge» әлемдік флешмобына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Олар «Барыс» әскери кемесін, жеке құрамды, қару-жарақты, арқандап байлау, сүңгуір және өрт сөндіру мүліктерін, жеке құрамның жабдықтау элементтері мен амуницияларын көрсетті. Оның ішінде «Адмирал» моторлы қайығы, гидрокостюм, құтқару кеудешесі мен шеңберлері, Барьер-ВК-дан ҚР-2В зымырандары, 9м-313 бұйымы, 12,7 мм «КОРД» , 12,7 мм оқ-дәрілері бар «НСВП» оқшашарлары, 30 мм АУ АК-306 оқ-дәрілер, теңіз түтінді шашкалар, арқандап байлау ұштары мен крандар, суды сорып алуға арналған тасымалданатын сорғы, өрт сөндіргіштер, жылжымалы тіректер мен пластерлер, өту және шығу үшін ұзын және қысқа трап үлгілері.

Tetris Challenge флешмобын 1 қыркүйекте Цюрих (Швейцария) полицейлері бастады. Әлем бойынша аталмыш флешмобқа өрт сөндірушілер, полиция, жағалау күзеті, әскери қызметшілер, жедел жәрдем және басқа да шұғыл қызметтер қосылды.

Айта кетерлігі, әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, егемендігін, экономикалық мүдделерін қорғауға арналған ҚР Қарулы күштерінің түрі.

Соңғы жаңалықтар