Қазақстандық әуекомпаниялар Сауд Арабиясына екі тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әуекомпаниялар Сауд Арабияға тұрақты рейстерді орындау үшін сертификаттаудан өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы – Медина және Алматы – Жиддә бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта компания аталған рейстерді орындауға рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырды. Тиісті рұқсат алғаннан кейін әуекомпания осы рейстерді орындауды 2019 жылдың соңына дейін бастауға дайын. Өз кезегінде, «SCAT» әуе компаниясы Алматы – Жиддә (сәрсенбі) және Алматы – Медина (сенбі) бағыттары бойынша ұшуларды орындауды 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Boeing-757 типті әуе кемесінде бастауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта компания Сауд Арабия Корольдігінде сертификаттау рәсімінен өтіп жатыр. «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Корольдігінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы келісімге сәйкес, екі тараптың тағайындалған әуекомпаниялары әр тараптан елдер арасында аптасына 4 жолаушы және 3 тұрақты жүк тасымалдау рейстерін орындауға құқылы. Сауд Арабия тасымалдаушылары үшін рұқсат етілген қалалар – Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды, ал қазақстандық тасымалдаушылар үшін Эр-Рияд, Жиддә, Медина және Даммам», делінген хабарламада. Айта кетерлігі, Қазақстандық «SCAT» әуекоманиясы 2016 жылдан бастап қажылық маусымы кезеңінде қазақстандық қажыларды тасымалдау бойынша Сауд Арабиясына рейстерді орындайды, алайда бұл бағыттар тұрақты емес. Арабтар тарапынан қазақстандық қажыларды тасымалдау рейстерін «Fly Nas» әуе компаниясы жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар