Қазақстандық бензин Еуроодақ стандарттымен сертификатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау мұнай өңдеу зауытында шығарылатын бензин Еуроодақстандарттымен сертификатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, қазақстандық өнім REACH

сертификатын иеленіп, Еуроодақ нарығына импорттауға арналған химиялық заттар мен

олардың қоспаларының сапа деңгейін бағалаудың толық рәсімінен өткен.

«REACH регламентіне сәйкес, Еуроодақта жылына 1 тоннадан астам мөлшерде өндірілетін немесе импортталатын кез келген химиялық зат тіркеуге жатады. REACH сертификаты – еуроаймақ елдері үшін тіркелген бензин импорттаушысы болып табылатын қазақстандық кәсіпорынның экспорттық мүмкіндігін дамытудағы маңызды қадам.

Былтырғы сәуірде АМӨЗ өндірісіндегі хош иісті көмірсутектері – бензол және параксилол

REACH сертификаттауынан өтті. Ал, бензин Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігі

расталған кәсіпорынның үшінші өнімі болып отыр», -деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметінен.

REACH сертификаты Атырауда шығарылған жанармайға Еуроодақ елдерінің нарығына

жол ашады. Өйткені, құжат Еуроаймақ аумағында мойындалған.


Соңғы жаңалықтар