Қазақстандық биатлоншы Паралимпиадада өнер көрсетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қысқы Паралимпиада ойындарында биатлоннан ерлер арасында 12,5 шақырымға отырып жарысу сайысы өтті. Оған қазақстандық спортшы Сергей Усольцев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтемемен.

Жарыс қорытындысы бойынша Усольцев 15-орын алды. Ол бір рет нысананы дәл көздей алмады, жеңімпаздан +8:21.8 уақытқа қалып қойды.

Қытайлық Лю Мэнтао жеңімпаз атанса, украиналық парабиатлоншы Тарас Рад - күміс, қытайлық Лю Цзысю қола жүлде алды.

Еске сала кетейік, Паралимпиада-2022 ойындарында Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Оны парабиатлонда Александр Герлиц жеңіп алды.

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындары 13 наурызда аяқталады. Қазақстаннан жарысқа спорттың екі түрі - парашаңғы мен парабиатлоннан 13 атлет қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар