Қазақстандық боксшы нокдауннан кейін тұрып, қарсыласын нокаутқа жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіби бокс кеші басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші болып рингке қазақстандық боксшы Артем Пчеляков (4-0, 3 КО) пен тәжікстандық Джалолудин Мухаммади (дебют) шықты. Жартылай ауыр салмақтағы айқаста Пчеляков жеңіске жетті – ол үшінші раундтың соңында қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.


Осы раундта рефери Мухаммадиге тағы бір нокдаун есептеді. Пчеляков басында жақсы ойын көрсете алмады: үшінші раундта нокдаунға түсіп қалды, алайда соңында жеңіске жетті.

Бұл Артем Пчеляковтің кәсіби бокс мансабындағы бесінші жеңісі. Ал Джалолудин Мухаммади бірінші рет жеңіліп отыр.

Еске сала кетейік, турнир хедлайнерлері – қазақстандық Рай Сейтжанов (9-0, 6 КО) пен мексикалық Хосе Масиас Энрикес (15-0-2, 7 КО). Олар бірінші жартылай орта салмақтағы WBO «жастар» әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке шығады.


Соңғы жаңалықтар