+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Қазақстандық боксшылар Олимпиада жолдамасын Иорданияда сарапқа салады

2020 жылғы 25 қаңтар 01:22
Бөлісіңіз:
Қазақстандық боксшылар Олимпиада жолдамасын Иорданияда сарапқа салады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі Иорданияның Амман қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
WBC рейтингі: 11 қазақстандық боксшы өз салмақтарында ТОП-40 енді Жәнібек Әлімханұлы 20 рет жеңіске жеткен америкалықпен айқасады Әйелдер боксынан Олимпиада лицензиялары үшін айқасатын спортшылар анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы Бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі 3-11 наурыз аралығында Амман қаласында өтетіні ресми түрде хабарлады.

«ХОК-тың жұмыс тобы және Қытайдың Олимпиада комитеті 2020 жылдың 3-14 ақпаны аралығында Қытайдың Ухан қаласында өтуі тиіс турнирді аталған аймақта коронавирустың таралуына байланысты кейінге шегерген болатын.

Түрлі нұсқаларды қарастырған жұмыс тобы іріктеу додасына қарқынды дайындалып жатқан спортшыларға ыңғайлы болу үшін Иордания Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өтінімін мақұлдады», - делінген хатта.

«Жұмыс тобы іріктеу турнирін қысқа мерзім ішінде ұйымдастыруға көмектескен баршаңызға алғыс білдіреді», - делінген ресми хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT