Қазақстандық боксшылардың қыркүйек айындағы рейтингі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxrec.com сайты қазақстандық боксшылардың рейтинг ұпайын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның кәсіби боксы парақшасына сілтеме жасап.

BoxRec рейтингінде (барлық салмақ дәрежесінде) бірінші орында бұрынғыша Геннадий Головкин тұр. Екінші орынға Жәнібек Әлімханұлы жайғасса, үшінші орынды Қанат Ислам алған. Сондай-ақ, Қазақстанның үздік бес боксшысы тізіміне Данияр Елеусінов пен Батыр Жүкембаев енді.

BoxRec тұжырымы дойынша ТОП-10 қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) — 507.1

2. Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) — 27.86

3. Қанат Ислам (28-0, 22 КО) — 18.08

4. Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) — 15.14

5. Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) — 14.85

6. Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) — 8.331

7. Әли Ахмедов (17-1, 13 КО) — 8.125

8. Руслан Мадиев (13-2, 5 КО) — 7.894

9. Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) — 6.432

10. Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) — 6.058.


Соңғы жаңалықтар