+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстандық оқушылар Балқан Олимпиадасында бес медальға ие болды

2021 жылғы 11 қыркүйек 14:13
Бөлісіңіз:
Қазақстандық оқушылар Балқан Олимпиадасында бес медальға ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа 18 елден жүзден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл тұрмысы төмен отбасынан шыққан 1 мыңнан астам бала сауықтыру курстарынан өтті - БҒМ Асхат Аймағамбетов мектептердегі эпиджағдай туралы айтты Қазақстанда дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне үстемақы төленеді

Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты. Жеңімпаздардың қатарында күміс медаль иегері Таир Сатубалдин, қола жүлдегерлер — Нұрасыл Әбдіразақ, Рахим Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сакенов.

Құрмет грамотасымен Сам Фетуллах марапатталды.

«Олимпиаданың турнирлік күнінде жас математиктердің алдына қиын міндет қойылды. Олар төрт тапсырманы шешуі тиіс болды. Біздің оқушылар Балқан елдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Италия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің білім алушылары қатысқан жарыста жақсы нәтижелер көрсетті», — деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Биыл математикадан Балқан олимпиадасы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT