Қазақстандық сарбаз Мәскеуде WTKF турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей астанасында Vegas City Hall-да WTKF 4 жылдың қорытынды турнирі өтті.

Оның аясында самбо мен қоян-қолтық ұрыс бойынша 6 жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық армиялық спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық армиялық спорт клубының (ОӘСК) жартылай жеңіл салмақтағы спортшысы Сәбит Жүсіпов (8-2) өзбекстандық жауынгер Фарух Салимовпен (1-0) күш сынасты. Айқас үшінші раундтың ортасында аяқталып, әскери спортшы техникалық нокаутпен жеңді. Ол тізесімен қарсыласының денесіне күйрете соққы берді.

«World Total Kombat Federation (WTKF)» — өткен жылы күзде Швейцарияда құрылған жаңа жекпе-жек ұйымы. Ресейде оны танымал промоутер Владимир Хрюнов басқарады. Айқастың ережесі бойынша, қатысушылар үздіксіз айқасуы керек, себебі оларға қарсыласты аударуға және партердегі жұмысқа 30 секунд беріледі. Бұл турнир «Zharafight» жобасы аясында өтті. Оның президенті Стивен Сигал», - деді қоян-қолтық ұрыстан ОАСК командасының бастығы майор Мұрат Бижанов.

Айта кетейік, бұл айқас ОАСК спортшысының биыл қатысып жатқан үшінші сайысы. Қазанда әскери қызметкер Нұр-Сұлтанда өткен M-1 Challenge 105 турнирінде ресейлік Глеб Хабибуллинді жеңді.

Соңғы жаңалықтар