Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан алтын жүлдегер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияда фристайлдан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Параллельді могулда Қазақстан командасының мүшесі алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Анастасия Городко турнирде алтын жүлдегер атанды. Екінші орында - Нидерланд, үшінші орында - Австрия спортшылары.

Ал осы бәсекеде сынға түскен тағы бір қазақстандық фристайлшы Олеся Граур төртінші сатыда.

Ерлер арасындағы сында Олег Цинн 17-ші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар