Қазақстандық спортшы панкратионнан әлем чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Панкратион бойынша әлем чемпионатында ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Сәбит Жүсіпов чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Римдегі FEDERBOCCE спорт кешенінде өткен додада Сәбит Жүсіпов65 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Финалдағы ымырасыз жекпе-жекте әскери спортшы 2018 жылғы ресейлік әлем чемпионы Магомед Абдуллаевті сенімді түрде жеңді.

«Панкратион – бұл қайта шыға бастаған спорт түрі. Ол еркін, грек-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс және басқада жекпе-жектің техникалық қимылдарын қолдануға рұқсат етілетін, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектің түп-тамыры болып саналадыһ» - деп атап өтті қоян-қолтық ұрыс бойынша АОСК команданың бастығы майор Мұрат Бижанов.

Соңғы жаңалықтар