Қазақстандық зауыт жылына 60 млн доза вакцина шығара алады – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы қазақстандық вакцина шығаратын зауыт жылына 60 млн доза QazVac бере алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрінен отандық QazVac вакцинасы қашан және қандай көлемде қолжетімді болатынын сұрады.

«Сұрау берілген жеткізілімдерге сәйкес, біз Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ алаңында қазақстандық вакцинаның ай сайын 50 мың дозасын аламыз және 100 мыңға дейін өсіреміз. Алдағы уақытта Жамбыл облысындағы алаң іске қосылғанда, зауыт жылына 60 млн дозаны қамтамасыз ете алады. Шамамен жылдың соңында, өйткені GMP инспекциясын жүргізу үшін өндірісті толыққанды іске қосып, тәжірибелік партияны шығару қажет. Осыдан кейін біз өндірісті бағалап, вакцина шығаруды іске қоса аламыз», - деді Алексей Цой.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынаған еді.


Соңғы жаңалықтар