+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстандық жас теннисшілер Арменияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

2021 жылғы 17 қазан 18:07
Бөлісіңіз:
Қазақстандық жас теннисшілер Арменияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай жұптық сында Армения астанасы Ереванда өткен бесінші санаттағы J5 YEREVAN CUP турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Қазақстандықтар Азия командалық біріншілігінің финалына шықты Теннис: Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Арыстанбекова мен А.Нұпбай финалда ресейліктер Арина Арифулина мен Дарья Егорованы 7:6 (7:5), 6:1 есебімен ұтты.

Бұл Асылжанның өз спорттық жолындағы екінші титулы еді. Ал Айя жұптық сында жасөспірімдер арасындағы I TF жарысында алғашқы табысына қол жеткізді.

Жекелей сында А.Нұпбай жартылай финалда үш сеттік матчта Д.Егороваға есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Татьяна Николенко оңтүстікафрикалық Стелленбос қаласында осындай жарыстың финалында словакиялық Ирина Балуштан ұтылып қалды – 1:6, 0:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Индиан-Уэллс жарысының финалында жеңіліп қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайтынын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT