Қазақстандық жастарды қолдауға арналған іс-шаралар айқындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов жастар саясаты саласында атқарылатын жұмыстарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар мәселесі – біздің мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі. 2020 жылы жастар саясаты саласында көптеген жұмыстар атқарылды, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жастар жылы аясындағы жол картасы шеңберіндегі шаралар кешені іске асырылып, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аяқталды», - деді Ш. Байманов ҚР АҚДМ жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің онлайн-форматтағы отырысында.

Оның айтуынша, 2020 жылы жүргізілген кең ауқымды ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының басым бөлігі 2021 жылы бастатын, жоспарланып отырған мемлекеттік жастар саясаты туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін нақты негіздерді айқындады және жаңа құрылым мен форматтан басқа, қолданбалы сипатқа бағытталған «Қазақстан жастары – 2020» Ұлттық баяндамасын дайындау барысында қолданылды. Әлеуметтік зерттеудің қорытындылары бойынша жастар құндылықтарының құрылымында бірнеше жыл бойы отбасы, денсаулық және достық құндылықтарының басымдығы сақталып отыр.

Сонымен қатар Ш. Байманов жастар мен отбасы саясаты саласында 2021 жылға жоспарланған қадамдарға тоқталды. Осы орайда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу, Жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ гранттық әрі әлеуметтік жобаларды қамту ескерілген.

Мұнымен қоса, «Қазақстан жастары – 2021» ұлттық баяндамаларды даярлау, «Жастардың даму индексін» әзірлеу және енгізу қамтылып отыр.

«Биыл «Zeren-2021 Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар білім беру жастар лагерін ұйымдастыру қарастырылып отыр», - деді комитет басшысы.

Сонымен қатар ол биылға жоспарланған халықаралық іс-шараларға тоқталды.

Бұл ретте «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» түркітілдес елдері жастар көшбасшыларының халықаралық саммиті, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттер жастар форумы, Қазақстан мен Ресей волонтер ұйымдары лидерлерінің қатысуымен еріктілер кеңесі өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар