Қазақстандық жеті боксшы қыз Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жеті спортшысы «Ұлттар кубогі» халықаралық жарысының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, жарыстың ширек финалында қазақстандық боксшы Владислава Кухта Түркия спортшысын жеңіп, жартылай финалға шықты. Өкінішке қарай, ұлттық құрама мүшелері Жансая Балтабекова мен Марина Вольнова қарсыластарына есе жіберді.

Ал, осыған дейін Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан, Ләззат Күнгейбаева, Дина Жоламан мен Арайлым Марат жартылай финалға шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар