Қазақстандық зілтемірші Бейжің Олимпиадасының алтын медалін алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін «Алтын Самғау-2019» Ұлттық спорттық жүлдесінің салтанатты рәсімінде қазақстандық спортшыларға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлделері табысталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің атынан Алла Важенина мен Ольга Рыпаковаға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының медальдарын тапсырды.

«Араға 10 жыл салып Олимпиада жеңімпазы атану күтпеген жағдай. Шынымды айтсам, менің күміс жүлде алтыннан да артық болды. Себебі бұл жеңіс жолында біз жаттықтырушым екеуміз көп тер төктік. Егер мен алтын медальды сол кезде ұтып алғанымда мүмкін басқа сезімде болар ма едім. Өйткені, мен Қытайдың ең үздік спортшысы Цао Лэймен бәсекеге түстім. Мен Олимпиадаға дейін Жапонияда өткен Азия чемпионатында оған жол бергенмін. Тек өкініштісі, Қазақстан әнұранының орындалмай қалғаны», - деді зілтемірші Алла Важенина.

Айта кетелік, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижелері қайта қаралып, ауыр атлетика мен жеңіл атлетикадағы Қазақстан көрсеткіштерінде өзгерістер орын алды. Қазақстандық зілтемірші Алла Важенина 75 келі салмақта 2008 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Ал Ольга Рыпакова өз туған күнінде үш қарғып секіруден Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін ресми түрде иеленді.

Соңғы жаңалықтар