Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы екі медаль түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 келіні (115+140) бағындырған. Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108+136) еңсерген.

Бүгін Зүлфия Чиншало мен Игорь Сон жүлдеге таласатынын естеріңізге саламыз.


Соңғы жаңалықтар