Қазақстандықтар 160 мыңға жуық ескі көлікті жоюға тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар 160 мыңға жуық ескі көлікті жоюға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨКМ Операторы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына 4 жыл. Осы аралықта екі бағдарлама (құнын төлеу және сертификат) бойынша 158 770 автокөлік жоюға қабылданды. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 14 млрд теңгеде астам қаражат төленді. Сертификат бағдарламасы бойынша 54 635 автокөлік қабылданды. Бағдарлама нәтижесінде отандық өндірушіден 28 141 су жаңа автокөлік сатып алынды», делінген хабарламада.

Айта кету керек биыл ескі көлікті тапсырғандарға берілетін өтемақы көлемі айлық есептік көрсеткіше байланысты өсірті. Маусым айынан бастап жеңіл көлік тапсырғандарға берілетін өтемақы 150 мыңнан 200 мың теңгеге (72 АЕК) жетті.

2020 жылдың 2 қарашадан бастап ӨКМ Операторы тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге қабылдауға пилот бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама аясында агротехниканы тапсырушыларға 560 мыңнан 2 миллион теңгенің жеңілдік сертификаты беріле бастады. Жаңа бағдарлама іске қосылғаннан бері 47 ауылшарушлық техникасы қабылданды. Оның 33-і трактор, 14-і комбайн. Жыл соңына дейін ауылшаруашылық техникасын қабылдауға 120 квота (100 трактор және 20 комбайн) қарастырылған.

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған машиналар Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт 146 705 көлікті қайта өңдеді.


Соңғы жаңалықтар