Қазақстандықтар «Ashyq» қосымшасынан өз статусын тексере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың «Ashyq» қосымшасындағы статусы туралы мәлімет ұсыну үшін арнайы сілтеме жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.

«Барлық дерек Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасынан алынады. Лабороториялық зерттеулердің нәтижесі бойынша әрбір азаматтың статусы сол базаға енгізіліп отырады. Егер сізде өз статусыңызға байланысты күдік болса, алдағы 2-3 күнде барлық БАҚ-та сайттың сілтемесі жарияланады. Сол сайтқа кіріп, QR-код арқылы өз статусыңызды тексере аласыз. Екінші жолы бойынша азаматтарды соңғы тапсырған ПТР-тестің нәтижесін басшылыққа алуға шақырғым келеді», - деді министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар